Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

7 заңсыз сауда-саттық орны бар

c 18:11, 07/04/2022 c 435

0:00 / 0:00

Орал қаласында 7 жерде заңсыз сауда-саттық орны бар. Аталмыш орындар санитарлық талапқа сай болмаса да саудаланып жатқан азық-түліктің түр-түрін таба аласыздар. Балық, ет, сүт өнімдері мен көкөністердің түрі көп.

Полиция басқармасының келтірген мәліметі бойынша, белгіленбеген жерде тауар сатқаны үшін күні бүгінге дейін 359 тұлға жауапкершілікке тартылып, 59 адам айыппұл арқалаған.

"Жабайы" базарда жұмыс істейтін саудагерлердің бірін сөзге тарттық. Сатушы базардың ішіндегі жалға алу ақысы тым қымбат болғандықтан, осылай көше бойында сауда жасағанды жөн деп таптым,-дейді.

Ал, санитарлық тазалықты тексеретін мамандар заңсыз орындардан азық-түлік сатып алмауға кеңес беруден әрі аспайды. Мамандар мораторийге байланысты ешбір нысанды тексере алмайтынын айтады. Тіпті көше бойында саудаланып жатқан тауарды тексеріп те көрмепті.

Атқарушы билік белгіленбеген жерде сауда-саттық жасайтын саудагерлермен біраз уақыттан бері күресіп келеді. Десек те рейд пен тексеріс шарасы аяқталғасын сатушылар үйреншікті көшесіне жұмыс істеуге қайтып келіп, саудасын жалғастырады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.