Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

6722 адам вакцина қабылдаған

c 18:12, 05/04/2021 c 491

0:00 / 0:00

Осы айдың соңына дейін 4000-нан аса батысқазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина қабылдауы тиіс. Бұл туралы бүгін COVID-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың отырысында облыс әкімі Ғали Есқалиев мәлімеді.Жедел штаб отырысында белгілі болғандай өңірде дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Алайда Орал қаласындағы инфекциялық ауруханалар толымдылығы 90-пайызды құрайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а Арман Қалибековтың баяндамасында көрсетілгендей жыл басынан бері коронавирус инфекциясынан - 77 адам қайтыс болса, оның 65-і Орал қаласының тұрғындары.Облыстың бас санитар дәрігері Мұқамғали Арыспаев мутацияланған белгілері бар науқастар облыста тіркелгенін айтты. Британдық және оңтүстік африкалық штамдары бар бұл аурудың қаупі өте жоғары. Және тез жылдамдықпен жұғады.Сала мамандарының айтуынша «Алматы» және «Нұр-Сұлтан» қалаларынан кейінгі "қызыл" аймақтағы біздің өңірде жағдай өте нашар. Сол себепті алдағы күндері ауру көрсеткіші төмендемесе, карантиндік шектеу шаралары бұдан да күшейтілуі ықтимал. Шаһар басшысы Абат Шыныбековтың айтуынша, бүгінде қаладан бөлек кент окургтері аумағында 4 мониторингтік топ жұмыс жасайды. Мәселен, жыл басынан бері - 111 карантиндік талапты бұзу фактісі анықталып, 3,3 млн теңге айыппұл салынса, карантиндік шектеулерді ескермегендер ішінде «Палладиум» сауда үйіндегі «ФСБ» түнгі клубы бар. Аталмыш көңіл көтеру орыны бұған дейін де мониторингтік топ назарына іліккен болатын. Осы орайда қала әкімі бақылау және қадағалау шаралары үздіксіз жүретінін мәлімдеді. Штаб отырысында вакцина қабылдау шаралары туралы түсінік жұмыстарын одан әрі күшейту, тұрғындардың ерікті түрде екпе қабылдауына қажетті дұрыс ақпаратты беру керекті туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық әкімдік мамандарына тапысырма берілді. Айта кеткен жөн, өткен аптада облысқа 4900 Спутник V
препараты келсе, алдағы аптада тағы да вакцина тасымалданатын болады. Бүгінгі күні облыс бойынша барлығы - 6722 адам вакцина қабылдап үлгерсе, олардан препаратқа қатысты теріс пікірелер тіркелмепті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.