Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

600 АТА-АНА ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

c 14:10, 06/02 c 30

0:00 / 0:00

Қазақстанда бала қауіпсіздігіне қатысты қабылданып жатқан шаралар толық нәтиже бермей отыр. Өкінішке орай, бала зорлау, балаларды ұрып-соғу, үлкендер тарапынан қоқан-лоқы көрсету фактілері жиілеп кетті. Ал ата-ананың бақылауынсыз қалған балалар қылмыс әлемінде жүр. Жеткіншектер арасында ішімдік ішу, темекі шегу, тіпті есірткі тарату қылмысына дейін бой алдырғандар жоқ емес. Ата-ананың жіті бақылауынан шығып кеткен балалар ойына келгенін жасап жүр. Тізе берсек, бала қауіпсіздігі қоғамдағы бас мәселе болып отыр. Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бала қауіпсіздігне қатысты шара қабылдауды тапсырғанды. Парламентке келіп түскен әйелдердің құқығы мен бала қауіпсіздігіне арналған заң жобасы жоғарыда аталған проблемаларды шешуге себін тигізсе игі. Әзірге полицияның ұсынып отырған мәліметі көңіл қоншытпайды. 1400 жасөспірім арасында қоғамға қауіп төндіретін әрекеттер жасаған топтардың жетекшілері анықталды. 40 бопсалау фактісі тіркелген. Ал баласын қараусыз қалдырған 600 астам адам ата-ана құқығынан айырылып отыр.

ӘСЕТ ОСПАНОВ – ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ «Қиын жағдайға тап болған 2 мыңнан астам отбасын анықтап, мәліметтер құзырлы мемлекеттік органдарға жіберілді. Балаларды тәрбиелеу міндетін орындамайтын 6 мыңнан астам ата-ана профилактикалық есепке қойылды. Балалардың құқығын қорғау комиссиясы 1800 материалды қарады. Сот 600-ден астам адамды ата-ана құқығынан айырды және 340 ата-анаға шектеу қойды. Сонымен қатар балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін 12 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды»

Қазақстанда балаларды зорлық-зомбылықтан, буллинг және кибербуллингтен қорғау және көмек көрсетудің арнайы әдістемесі бекітілді дейді басқарма басшысы. Енді өгей ата-анамен тұратын балалар ерекше бақылауға алынбақ. Бүгінде балалар үшін ғаламтор бетіндегі барлық мәлімет қолжетімті. Қылмысқа жетелейтін әрекеттерді интернеттен көріп жасайды. Бақылаусыз қалған жеткіншектер тіпті пәтер жалдап, ішімдік ішіп, жыныстық қарым-қатынасқа түседі дейді полиция өкілі.

ӘСЕТ ОСПАНОВ – ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ «Кәмелет жасқа толмағандар арасында орын алған жыныстық қарым-қатынастың 30 пайызы өз еркімен болған. Интернеттік жүйе бақылауға алынды. Ондағы мәліметтер балаларды қылмыс жасауға итермелейді. Тек өткен жылы 20 мың интернет ресурстың әрекеті анықталып, 3,5 мыңы порнографиялық сайт болып шықты. Жасөспірімдер пәтер жалдап, ішімдік ішеді»

Ал жексенбі күні ғана Астанада белгісіз ер адамның кәмелетке толмаған балаларды ұрып-соққан видеосы тарады. Бұл елорданың тұрғын үй кешендерінің бірінде болған оқиға. Оқу-ағарту минситрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарлауынша,келеңсіз оқиға 4 ақпанда сағат 14: 57-де орын алған. Белгісіз адам пәтерден шығып, балаларға зиян келтіре бастаған. Видеодан көріп тұрғандарыңыздай, ер адам балаларды ұрып, қылқындырған. Осы жағдайды білген кәмелетке толмағандардың бірінің әкесі дереу жедел жәрдем шақырды.Балалармен бірге ата-аналар қалалық балалар ауруханасына жеткізіліп, үйге сағат 19:40-та жіберілді. Полициямен 30 жастағы тұрғын анықталып, ұсталды. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Астана қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.