Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

60 мың оралдық жылусыз қалды

c 16:33, 10/11/2017 c 707

Бүгін таңғы сағат 10-да Жайық Жылу Қуат мекемесінің аймағында апат болып, 60 мыңнан астам оралдық жылусыз қалды. Нысан резервуарындағы ауқымды жарылыс салдарынан өрт шығып, ауыр жарақат пен химиялық күйік алғандар бар. Жайық жылу қуат мекемесіндегі жарылыс техникалық жұмыс барысындағы олқылық салдарынан болған. Салдарынан ғимарат жұмысшылары қирандының астында қалып, химиялық күйік алыпты. Абырой болғанда, үйіндінің астында қалған зардап шегушілерді кинолог мамандар арнайы үйретілген иттердің көмегімен тауып алды. Оқиға орнына дереу жеткен 4 техника коммуналды жүйелердегі апатты толықтай ауыздықтады. Бұл төтеншеліктердің тосыннан келген кез келген жағдайға дайындығын көрсетеді. Арнайы сценарий бойынша өткен бұл оқыту оқиғасын бақылап, бағыттаған облыс әкімінің орынбасары да апатты жою деңгейінің жоғарылығын атап өтті. Айта кетелік, биыл төтенше жағдайлар департаментінің материалдық техникалық жабдықталуына 600млн теңге бөлінген. Бұл қаражатқа 20 техника сатып алыныпты.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.