Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

6 науқас

c 17:06, 10/04/2020 c 391

0:00 / 0:00

Облыста коронавирус жұқтырудың тағы екі жағдайы тіркелді. Сонымен COVID-19 инфекциясын жұқтырған барлығы 6 адам медициналық ем алуда. Екеуі де Өзбекстан Республикасының азаматтары.Коронавирус инфекциясы табылған екі адам да жүк тасымалымен айналысатын 25 және 27 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматтары болып шықты. Ресей Федерациясының Самара облысымен шекарадағы «Сырым» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың бірінде дене қызуының көтерілуі анықталды. Аталған азаматтар іс-әрекет алгоритміне сай оқшауланып, жедел жәрдем көлігі шақырылған. Осылайша, барлық эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, аталған азаматтар провизорлық стационарға жеткізіліп, коронавирус жұқпасына талдау жасалды.Сондай-ақ науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында эпид.зерттеу жұмыстары, «Ұлттық сараптама орталығы» БҚО бойынша филиалы дезинфекция орталығы мамандарымен дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Айта кетейік, кешегі күні де БҚО-да екі өзбектің вирус жұқтырғаны тіркелген болатын. Жалпы бүгінде өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.