Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

515 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі

c 18:10, 26/03/2021 c 662

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 515 мың гектарға жететін болады. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен лездемеде ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары Сатқан Өмірзақов мәлімдеді. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында Ғали Есқалиев қожалықтарға дизель отынын жеткізуді уақтылы ұйымдастыруды тапсырды. Қазіргі уақытта далалық жұмыстарға дайындық басталған. Соңғы жылдары өңірімізде күздік дәнді-дақылдар егісі ұлғайып келеді. Мысалы, 2019 жылы күздік егіс 72 мың га, 2020 жылы 82 мың га құраса, 2021 жылы 95 мың га жеткен. Бұл көрсеткіш 2020 жылғыдан 16%-ға артық. Облыста жоғары репродукциялы тұқым өндірумен бес шаруашылық айналысады. Өткен жылы 884 шаруашылық иесі техникаларды лизинг арқылы сатып алса, мемлекет тарапынан инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аясында техникаларды сатып алуға жұмсалған шығынның 25%-ы өтелген. Көктемгі егіс жұмысын жүргізу үшін Атырау мұнай өңдеу зауытынан 12 мың тонна көлемінде арзандатылған дизель отыны алынатын болады. Қазіргі таңда көктемгі дала жұмыстарына «Кеңдала» бағдарламасы арқылы 389,9 млн. теңге және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы 75,3 млн. теңге берілген. Лездемеде бұдан бөлек ауыл шаруашалығы кооперативтерін құру мәселесі мен егістік алқаптарды малдың жайылым жерлеріне айналдырмау мәселесі де көтерілді. Теректі ауданы әкімінің айтуынша, өткен жылы 51 адамға 520 мың теңге көлемінде айппұл салыныпты. Биыл осы орайда түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жиын соңында облыс әкімі Ғали Есқалиев көктемнің жәй келуіне байланысты «Қазақавтожол» мекемесі басшылығына көктемгі уақытта Чапаев-Жалпақтал-Казталов-Жәнібек-Сайқын бағытындағы жолдарда арнайы техникалардың жүруі қажеттігін атап өтті. Мамыр айында осы бағыттағы жолдың 147 шақырымы жөнделетін болады. Оған қазынадан 20 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.  Биыл өткен жылмен салыстырғанда дәнді дақылдар көлемі 4,9 мың га, мал азығы - 9,7 мың га және картоп, көкөніс-бақша дақылдары - 620-га ұлғаяды деп күтілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.