Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

500 млн. теңге салық өндірілмеген

c 17:09, 28/04/2021 c 1015

Бүгінгі таңда Орал қаласы бойынша мемлекетке салық берешегін төлемей жүрген 30 мыңға жуық тұрғын бар. Олардың қарызы 500 млн теңгені құрап отыр. Сала мамандары салық төлеуден жалтарып жүрген жандарды жолда бағып, тізгіндеген көліктерін полиция қызметкерлерімен бірге анықтап, тоқтатты. Тіпті, бір темір тұлпарды айыппұл тұрағына алып кетті.

Полиция қызметкерлері жолда салық басқармасы мен жеке сот орындаушыларымен бірге арнайы рейд ұйымдастырды. Аталмыш шара барысында салықтан жалтарып жүрген жандар анықталды. Мысалы, мына темір тұлпардың жүргізушісі 200 мың теңгедей салықты төлемегені белгілі болды. Мамандар салық қарызын өндіру мақсатында жүргізушінің қымбат көлігін айыппұл тұрағына алып кетті.

Осы жүргізуші секілді Оралдың 30 мыңнан астам тұрғыны түрлі салық бережағын уақытылы төлемеген. Бүгінде қарыздың көлемі 500 млн. теңгеге жуықтапты. Жеке сот орындаушылары салық, алимент, коммуналдық төлем бойынша қарыздарын өндіру үшін түрлі санкциялардың қолданылатынын айтады.

Салық,  жеке сот орындаушылары мен полиция қызметкерлерінің бірлескен шарасы алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.