Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

500-ге жуық нашақор есепте тұр

c 18:16, 12/11/2021 c 1877

0:00 / 0:00

БҚО-да 206 ескерткі қылмысы тіркелген. Полиция қызметкерлері күдіктілдердің 23-і ескірткі саудалау бабы бойынша жауапқа тартылғанын айтады. Қазіргі таңда облыстық диспансерлік есепте 500-ге жуық адам тұр. Дәрігерлер есептегі жандардың жасы 20 пен 40 жастың аралығында,- дейді.

Есімі мен бет-әлпетін көрсетпеуді сұраған ер адам 30 жылдан бері нашақорлыққа салынған. Ол бұрындары есірткінің ауыр түрі героринге әуестенген. Қазір нашаның өзге түріне ауысыпты. Жеті жылдан бері осы індетпен күресіп, емделіп келеді. Ер адамның болашақтан үміті зор. Енді жақында тәуелді болған нашасынан толықтай бас тартамын деп бекініп отыр.

Осы азамат сияқты облыстың 500-ге жуық тұрғыны диспансерлік есепте тұр. Дәрігерлер нашақорлық індетіне көбіне жастар мен орта жастағы жандардың тәуелді екенін айтады. Соңғы уақытта синтетикалық есірткі- трамодолға әуес жандардың қатары көбейген.

Полиция қызметкерлері ескірткі қылмысымен күресіп жатыр. Биыл күні бүгінге дейін 206 қылмыс тіркеліпті. 101 азамат қолға түскен. Тәртіп сақшылары жыл өткен сайын наша тарату мен оның сатуда заманауи әдіс-тәсілдердің қолданылатынын айтады. Қазіргі таңда үйлердің қас бетінен графити жазумен жазылған есірткінің жарнамасын жиі көруге болады. Осындай жолмен нашаның түр-түрін жарнамалап, оны сатқан жандар заң жүзінде жауапкершілікке тартылады.

Сурет https://kazaksha.info/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.