Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

500 астам адам көктайғақта құлап, медициналық көмекке жүгінген

c 17:37, 28/02/2022 c 475

0:00 / 0:00

28-ақпан оралдықтардың жадында көктайғақпен есте қалмақ. Демалыс күндері күн райы жылынып, қар еріп, көлкіген су ауа температурасы төмендегенде көк мұзға айналды. Таңертеңгілік уақытта азаматтар құдды бір коньки теуіп жүргендей болды. Көк тайғақта тайып-жығылғандар көп.

Түске дейін көктайғақта тайып-жығылып, түрлі дене жарақатын алған алты адам облыстық көпбейінді ауруханаға барып, медициналық көмекке жүгінген. Солардың бірі-Назым ханым.

Дәрігерлер ақпан айында 500-ден астам адам көктайғақтың кесірінен облыстық көпбейінді аурухананың жанындағы қабылдау бөлімінен көмек алғанын хабарлады. Жарақат алған жандардың басым көпшілігі дене мүшелерінің жұмсақ тіндері зақым алып, аяқ-қолын сындырып алғандар екен.

Медициналық көмекке жүгінген жандардан бөлек, шаһар көшелерінде ауа райы қолайсыздығын сезінген тұрғындарды да сөзге тарттық.

Синоптиктер алдағы үш күнде облыс орталығында ауа-райы ашық болып, жауын-шашын күтілмейді деп болжам жасап отыр.

Сурет https://www.ukrinform.ru/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.