Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

5 бірдей көше ауыз сусыз қалды

c 20:02, 08/06/2018 c 626

0:00 / 0:00

Тұрғындар бұған су құбырының тозып, жарылуы себеп болды дегенді айтады. 4 күннен бері тіршілік нәрінен айырылған халық Батыс Су Арнасының да міз бақпай отырғанын айтып ашынады. Орал қаласындағы Надежды, қажымұқан, малины сынды бес көше 4 күннен бері судан айырылып, таршылық көріп отыр. Тұрғындардың айтуынша, тіршілік нәрі құбырлардың тозуы себебінен айырылған. Жұртшылықты су құбыры орнатылғалы 10 жылдан асса да, ауыстырылмағандығы алаңдатады.
Ауыз судан таршылық көрген бұқара енді суды сатып алуға мәжбүр. 5 көшеде тұратын бірнеше отбасы сусыз отыр, бұндағы қариялар да сол зардапты тартып отыр.
Тұрғындар жанайқайын біз батыс су арнасына да жеткіздік. Мекеме басшылығы тұрғындар жайына түсінушілік танытып, қол ұшын созуға келісім берді.
Мәселе оң шешімін тапқанымен, мекеме басшылығы бұндай істермен олардың айналыспайтынын жеткізді. Себебі, мекеменің басты міндеті - сумен қамту, ал құдықты жеке мердігерлер қазған.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.