Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

450 мекемеге әдістемелік көмек көрсетілді

c 15:48, 27/04/2022 c 938

0:00 / 0:00

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастырумен Орал қаласы бойынша екінші деңгейлі банк филиалдарындағы көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде дұрыс орналасуына байланысты рейд жүргізілді. Оған басқарма мамандары мен жергілікті мәслихат депутаттары және БАҚ өкілдері қатысты. Басқарма басшысы Ерлан Ғалиев банк филиалдарының өкілдеріне ғимарат ішіндегі көрнекі ақпараттар мәтініндегі қателіктерді түзету жолын айтып, мекеме сұранысына байланысты тілші мамандар әдістемелік көмек көрсететінін жеткізді. Тілдерді дамыту басқармасы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалымен бірлесіп, тұрғындарға қызмет көрсететін мекемелердің «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң талаптарын сақтауын қадағалау мақсатында мониторинг жүргізуде. Мониторинг жұмысы кезінде филиалдар ғимаратының ішіндегі бірқатар көрнекі ақпараттың қазақша мәтіні қате жазылғаны анықталды.Екінші деңгейлі Каспий банкінің филиалындағы банкоматтар жадынамаларындағы мәтіндерде мемлекеттік тіл заңдылықтары сақталмаған. Ал Евразия банкінде қызмет үш тілде көрсетіледі екен.
Банк бөлімшелеріне аталған басқарма мемлекеттік тілдегі ақпараттың берілуіне байланысты олқылықтарды жою жөнінде жазбаша ескерту бермек. Тіл заңнамасының сақталуына қатысты мекеме басшылары бір ай ішінде сын-ескертпелер бойынша нақты шара қабылдауы тиіс.Мониторинг топтары бұған дейін білім, денсаулық сақтау және спорт саласындағы мекемелерде, дәріханаларда, сауда орындарында және коммуналдық төлем қабылдайтын орталық ғимараттарында болып, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының деректемелер мен көрнекі ақпараттарға қатысты 21-бабының орындалуына байланысты түсіндіру жұмысын жүргізді. 2022 жылдың І тоқсанында 450 мекемеге әдістемелік көмек көрсетілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.