Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

40 мың жол картасы сатылды

c 18:05, 18/03/2022 c 599

Биыл қалалық бюджет есебінен қоғамдық көлік тасымалдайтын компанияларға 400 млн теңгеден астам субсидия төленген. Сала мамандары енді 800 млн теңгедей қыруар қаражатты төлеу мәселесі қарастырылып жатыр,-дейді. Былтыр тасымалдаушы компанияларға 2 млрд теңгедей демеу қаржы берілді. Мемлекеттен қолдау алған кәсіпкерлер автопарктарын жаңартуы тиіс еді.

Қоғамдық көлік мәселесі оралдықтар үшін өзекті болып қала береді. Жолаушылар қанша айтып, шағымданса да автобус мәселесі әлі күнге дейін шешілмей келеді. Азаматтар жұмысқа баратын, жұмыстан қайтатын шақта көлікте адам саны көп. Осы қоғамдық көлікті жақсарту мақсатында бюджеттен қомақты қаражат бөлініп, компанияларға субсидия ретінде төленіп жатыр. Өткен жылы 2 млрд 45 млн теңге компаниялардың есебіне аударылған. Енді биыл үш айдың ішінде 400 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Қаланың автобустарындағы жолақысын автоматтандыру үшін арнайы бағдарламада іске қосылды.

Күні бүгінге дейін 40 мың жол картасы сатылған. Сала мамандары бүгінде 27 қалалық маршруттың барлығында дерлік арнайы жолақы қабылдайтын планшет пен валидатор, Q-код орнатылғанын айтады. Алайда осы планшеттердің кейбір кезде істен шығып, жолақыны қолма-қол төлеу керек болатын кездері де жасырын емес.

Өткен жылы қалалық мәслихат облыс орталығында қатынайтын қоғамдық көліктердің ақысы үшін сараланған тарифті бекітуді қолдаған еді. Сол кезде карта, планшет немесе Q-код төлесеңіз, 80 теңге ал, қолма-қол ақша үшін 150 теңге көлемінде ақы төлеу керек деп шешкен. Алайда өткен жылы әділет министрлігі бұл шешімді заңды деп таппапты. Министрлік өкілдері сараланған тариф жолақыдан артық болуы тиіс деп ұйғарған екен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.