Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

4 мың абонент сусыз қалды

c 14:25, 16/06/2021 c 640

0:00 / 0:00

Оралда 4 мың абонент ауыз сусыз қалды. Кәріз құбырының істен шығуы салдарынан Ет комбинаты, Ремзавод және балабақша аудандарының тұрғындары бір күннен бері сусыз отыр. Оқиға орнында "Батыс су арнасының" бірнеше техникасы мен қызметкерлері жұмыстануда. Негізінен бұл жердегі шайынды суға арналған кәріз құбыры осыдан он күн бұрынғы жауған жаңбырдың салдарынан істен шыққан болатын. Ескі құбырды ауыстыруға шешім қабылдаған коммуналдықтар бір аптаның үстінде осы жерді қазып, біраз жұмыс жүргізді. 10 метр тереңдікке жатырған құбырдың орнына жаңасын салу үшін ауыз су желілісі ажыратылған. Салдарынан қаланың бірқатар аудандарында кешеден бері ауыз су беру тоқтатылыпты.Қазір оқиға орнында бірнеше бригада жұмыстануда. Жұмыс барысына қанық болған қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй екі күн ішінде құрылыс жұмыстарының аяқталатынын мәлімдеді. Жалпы биыл «Батыс су арнасының» кәріз құбырларын ауыстыруға қазынадан 1 млрд. теңге қаражат бөлініпті.Айта кеткен жөн, 19-ші сору станцасындағы орын алған ақауға байланысты бүгін 9-шы және Астана шағынауданы аралығындағы үйлерде де ауыз су тоқтатылған. Су жеткізу шарасы ұйымдастырылыпты. Маусым сайын қайталанатын мәселеге тұрғындар әбден көндіккен. Дүкен сөрелеріндегі суды литрлеп сатып алып әлек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.