Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"3Д CAVE" бағдарламасы іске қосылмақ

c 19:35, 29/11/2018 c 655

0:00 / 0:00

"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасының аясында Орал қаласында тұңғыш рет "3Д CAVE" бағдарламасы іске қосылмақ. Жаңа бағдарлама виртуальды шынайылылықтың арқасында көптеген жобаларға көмектестеді деп жоспарланып отыр. Елімізде тұңғыш рет қолданысқа енетін жоба Финляндия елінде кеңінен қолданылады. Жаңашылдықтың аяқ алысы мен виртуалды шынайлылықты қамтамасыз ететін бағдарлама қандай жүйеге қолғабыс болатындығын білмек мақсатында еліміздің үкімет басшысының орынбасары арнайы Ақ жайық өлкесіне жасаған іс-сапары барысында танысқан болатын. Сонымен қыруар қаржы жұмсалған, Финляндия елінің жаңашылығы Оралдықтарға қалай көмектеспек?

Еліміздің аумағында тұңғыш рет қолданысқа енетін бағдарлама "3Д CAVE" деген атауға ие. Бұл жаңашыл бағдарлама арнайы жабдықталған құрылғының арқасында салынбақ нысанның бүге шүгесіне дейін көруге мүмкіндік жасайды. Арнайы дисплейде 3д форматында жасақталған нысанды көзілдіріктің көмегімен аралап, қарап, жоспарлауға болады. Атаулы бағдарлама құрылыс, мұнай өндіру саласында көп көмектеспек. Бұл жоба өңірімізде "Цифрлы Қазақстан бағдарламасы" аясында іске аспақ. Жобаның құны 133 млн теңгені құрайды.
Еліміздің аумағында тұңғыш рет қолданысқа енетін бағдарлама Финляндия елінде 7 жыл қатарынан құрылыс саласында қолданылып келеді. Мәселен, құрылысшылар құрылыс жұмыстарының сызбасын көрсеткен тұста оның болашақта қандай болатындығын, онда қандай олқылықтар орын алуы мүмкін екендігін көрсетіп береді. Жаңа құрылғының арқасында нысан бой түземес бұрын, олқылықтары жойылып, кем-кетігі дұрысталады. Бұл өз кезегінде қыруар ақшаның үнемделуіне сеп.
2019 жылдан бастап аталмыш жаңашылдықты "Жоғары аграрлық- техникалық колледжінің" студенттері үйренбек. Студенттерге жаңа бастаманы оқыту үшін оқу ордасының он шақты мұғалімі Финляндия еліне барып, білімдерін толықтырып, қайта даярлау курстарынан өткен.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.