Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

385 интернет алаяқтық қылмысы тіркелген

c 17:46, 08/07/2021 c 698

Алаяқтық азаймай тұр! Күн санап азаматтарды алдап-арбап, қалтасындағы қаражатты алып, кейін табанын жалтыратын жандардың қарасы артқан. Бірі-танымал сайттарға өтірік хабарлама берсе, енді бірі-телефонның көмегімен құрығына түсіреді. Полиция қызметкерлері жыл басынан бері алаяқтық қылмысы 63 пайызға артқанын айтады.

Облыс аумағында алаяқтық фактісі азаймай тұр. Құқық қорғаушылар биыл осы қылмыс 63 пайызға артты дейді. Бұның бірнеше себебі бар. Бірінші кезекте азаматтар өз құқықтарын білмей, нақты ақпаратқа қанықпай тұрып, қалтасындағы ақшасын алаяқтарға санап береді. Ал адамдардың сеніміне кірген қылмыскерлер ақшаны алып, табанын жалтыратады.

Соңғы уақытта интернет арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, ақшасын жымқыратын фактілер көптеп тіркелуде. Орал қаласының тұрғыны Сержан да алаяқтардың құрбаны болған. Оқиға 2018 жылы болған. Ол -бес баласын жалғыз өзі өсіріп отырған әке. Бала-шағасымен бірге елордаға, бағдарламаға қонақ болып барады. Экранда көрсетілген нөмірге хабарласқан әйел адам бір қордың өкілімін деп өзін таныстырыпты.

Сержан секілді интернет алаяқтарының құрбаны болған азаматтардың қарасы қалың.

Полиция қызметкерлері алаяқтардың құрбаны болмас үшін бөгде адамдарға жеке басыңыздың ақпаратын, банк картасының нөмірлерін бермей тұрып, ақпаратты тексеріп алуға шақырады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.