Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Еңбек еленген күн

c 17:27, 04/04/2019 c 577

0:00 / 0:00

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов облыс орталығындағы «Жайық Таза Қала» мекемесінің қызметкерлері, өңірдегі жол, құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесіп, шаһарды қардан тазарту және су тасқынының алдын алу жұмыстарында белсенділік танытқандары үшін алғысын білдірді. қыс біздің өңір тұрғындары үшін үлкен сынақ болды.  30 жылдан бері түспеген қар жауып, коммуналдықтардың қызметін бір сынап алғандай. Деседе қажетті техника, жұмыс күшімен қаруланған кәсіпорын жұмысшылары бар қиындықты бір кісідей көтеріп, бір де бір жеке сектордағы тұрғын үйдің қар суына кетуіне мүмкіндік бермеді. «Еңбек елеусіз қалмайды» - деген  облыс әкімі  бірлігі жарасқан ұжымға алғыс білдірді.Естеріңізде болса бұған дейін кәсіпорын қызметкерлері түгелдей қар тазалау жұмыстарына жұмылдырылған еді. Қалың қармен 3 ауысымда алысқан жұмысшылар 1 сәуірден бастап, бұрынғы қызметтеріне қайта көшкен.Қала тазалығына жауапты мекеме қызметкерлерін жылдың төрт маусымында да қызметке сақадай саймыз дейді. Бұдан соң облыс әкімі қала көшелерін қардан тазарту жұмысын белсенді атқарған «Жайық Таза Қала» мекемесінің бір топ қызметкерлеріне, аталған жұмыстарда көмек көрсеткен мекеме-кәсіпорын басшыларына алғыс хат табыс етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.