Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

383 КӨЛІКТІ УАҚЫТША ЕСЕПКЕ ҚОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

c 15:06, 17/08/2023 c 44

0:00 / 0:00

Елімізде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жыл басында, яғни 23 қаңтардан бастап 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру шараларын жүзеге асыруда. 1 шілдегі жағдай бойынша азаматтардан 17 217 өтінім келіп түскен. Соның ішінде 16824 автокөлік заңдастырылып отыр. Қалған жүздеген көлік құралын уақытша мерзімге есепке қою арқылы мемлекет нөмір берілуде. Заңдастыруды жүзеге асыру немесе уақытша есепке қою кезінде заң бұзушылық әрекеттер анықталмаған.

ОЛЖАС ИБРАЙЫМОВ

БҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Олжас Әзімбекұлының айтуынша, егер жүргізуші шетелге шығуды жоспарлаған жағдайда уақытша нөмір мен техникалық төлқұжатты бұрынғы ресми құжаттарына алмастыруы керек. Қазіргі күні заңдастыру талаптарына сәйкес келмеген автокөліктерді уақытша мерзімге есепке қою шараларына басымдылық беріліп отыр. Мамандардың айтуынша, есепке қоюды қажет ететін 383 автокөлік бар. Жалпы заңдастырудан өткен көлік құралдарының ішінде 12450-і ресейлік көлікке тиесілі. Бұл көрсеткіш шетелдік автокөлік маркасының көшін бастап тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.