Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

№38 мектеп-лицейі жаңа ғимаратқа көшті

c 16:20, 30/11/2020 c 1170

0:00 / 0:00

Орал қаласында Әлия Молдағұлова атындағы №38 мектеп -лицейі жаңа ғимаратқа көшті. Аталмыш білім нысаны Зашаған кентінде орналасқан. Жаңа оқу ордасы 900 орындық.

Тұңғыш президент мерекесі қарсаңында 19 ғасырда салынған көне ғимаратта сабақ беріп келе жатқан Әлия Молдағұлова атындағыя №38 мектеп-лицейі жаңа ғимаратқа көшті.

Жаңа ғимараттың құрылысы 2019 жылы басталған. Жалпы білім ордасы 900 орындық. Сала мамандары оқушылар мектепте кезекші сыныптарға қабылданып, жаңа нысанда білімдерін жалғастырады,- дейді.

Зашаған кентінде орналасқан жаңа білім ордасы үш аусымда оқитын №10 және 47 мектептің мәселелерін шешуге атсалысады. Жалпы Орал қаласы бойынша 2 мектеп апатты деп танылған. Қазіргі таңда екі ескі ғимарат сүріліп, жаңа мектептің құрылысы жүзеге асып жатыр. Облыс орталығында үш аусымда оқитын мектептердің санын азайту үшін 2 нысанның құрылысы жүзеге аспақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.