Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Инвесторлар кеңесі

c 18:05, 25/01/2019 c 443

0:00 / 0:00

Өңір әлеуетін арттыруға бағытталған 4 жоба инвесторлар кеңесінде мақұлданды. Кеңестің назарына ұсынылған жобалардың екеуі ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталса, Маңғыстаулық құрылыс компаниясы жоба тұрғын үй салуды көздеп отыр. Ал, Орал трансфарматорлы зауыты панельді радиатордың құрылысын таныстырған еді.

Инвесторлар кеңесінде 4 бірдей жоба мақұлданды. Бірінші жоба орал трансформаторлы зауытқа тиесілі еді. Зауыт өкілдері құны 3 млрд 800 млн теңгені құрайтын трансформаторға арналған панельді радиаторларды өндіруді көздеп отыр. Жаңа жоба 110 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Кеңесте таныстырылған жобалардың қатарында тұрғын үй салу жобасы да таныстырылды. Оралдықтарға үй салып беруді көздеп отырған компания Маңғыстау өңірінде кәсібін дөңгелентіп отырған көрінеді. 15 жылдың ішінде батыс өңіріне тиесілі барлық аудандарда баспана салумен айналысады. Компания өкілдері қаланың үш бөлігінде көпқабатты тұрғын үйлерді салуды жоспарлап отыр.

Инвесторлар кеңесінде таныстырылған жобалардың екеуі ауыл шаруашылық саласына қатысты. Қос кәсіпкер өңірімізде сүт өнімдерін шығарып, ішкі қажетілікті жауып, отандық өнімге деген сұраныстың көлемін арттыруға ниетті.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.