Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

357 МЛН ТЕҢГЕ САЛЫҚ ТӨЛЕНБЕГЕН

c 16:53, 21/09/2021 c 159

Күні бүгінге дейін 23 700 мыңға жуық оралдық уақытылы салық төлемепті. Бүгінгі таңда олардың бережағы 357 млн 700 мыңды құрап отыр. Бұл туралы мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары хабарлайды. Темір тұлпар тізгіндеген жүргізушілер мемлекет қазынасына 315 млн теңгедей қарыз. Сала мамандары салықты уақытылы төлеуді ескертеді. 2020 жылғы жер мен мүліктің салығын азаматтар 2021 жылдың 1-қазанына дейін төлеп үлгеруі керек. Егер төлем кешіктірілсе, күн сайын өсіппұл қосылмақ. Ал, 2021 жылдың көлік салығы 2022 жылдың 1-сәуіріне дейін төленуі шарт. Мамандар салықтан жалтарған жандарды іздестіру үшін арнайы рейд шараларын ұйымдастыруда.

Сурет https://atameken.kz/ сайтынан жүктелді

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.