Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыс біріншілігі басталды

c 17:48, 16/01/2019 c 625

0:00 / 0:00

Орал қаласында қазақ күресінен Батыс Қазақстан облысының чемпионаты басталды. Аталмыш шара 2004-2005 жылы туылған палуандар арасында ұйымдастырылып отыр. Қазақ күресінің тарихы ерте заманнан басталған. Аталмыш спорт түрі тұңғыш рет 1938 жылы Алматы қаласында ұйымдастырылған республикалық спартакиаданың бағдарламасына енгізілген еді. Бүгінде облыс орталығында басталған байрақты бәсекеде 200-ден астам спортшы қатысып, бақтарын сынауда.

Қазақ күресінің спортшыларға берер пайдасы көп. Мәселен, аталмыш спортты жанына серік қылған жасөспірім шапшаңдыққа, ептілікке, тез арада шешім қабылдауға үйретеді. Бұл - боз кілемде үш бірдей қарсыласын жеңіп, өз өнерін ортаға салған Диас Гельманов есімді жас спортшы. Ол қазақ күресімен бес жылдан бері айналысып келеді. Он төрт жасар палуан үшінші кездесуінен алған әсерін былай деп айтып берді.

Облыс біріншілігінде жеңіске жеткен жас палуандар ақпан айында Алматы қаласында ұйымдастырылатын ел чемпионатына жолдама алмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.