Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ардагерлер спортта

c 14:08, 16/01/2019 c 662

0:00 / 0:00

Қаламызда ардагерлер арасында  қысқы  қалалық спартакида жалауын көтерді. Сайысқа  салауатты өмір салтын сақтаған 50 ден  аса ардагер қатысты. Дәстүрлі қысқы спартакиада «Орал » спорт клубы мен  қалалық  спорт және дене шынықтыру  бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді. Онда  аяқтарына шаңғы байлаған қариялар бақтарын сынады. Ауа-райының қолайлығына байланысты өткен жылдағыға қарағанда жарысқа қатысушылар қатары көбейген.Белгіленген тәртіп бойынша,жылдамдықты талап еткен сында ерлер 3 шақырым қашықтықта сынға түссе,әйелдер 1 шақырым қашықтықта жарысты.Қариялар өздеріне көңіл бөлгендігіне  дән риза.Олар үшін бастысы жарыста орын алу  емес, көңіл көтеріп,табиғатқа етене  жақындай түсу.Ұйымдастырушылар қатысушылардың дайындығын жоғары бағалады. Шаңғышылардан ерлер арасында жүлделі орынды Александр Туркот пен Раниль Қудряқов иеленсе, әйелдер арасында Ирина Храмцова мен Лариса Платицына жеңісті қолдан бермеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.