Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

300 хабарлама

c 19:58, 12/11/2019 c 566

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Нұр-Сұлтанға ат басын тіреді. Әкім елордалық журналистерге өңірді дамыту, қордаланып қалған мәселелерді шешу жолдарын баяндады. Әкімнің айтуынша, оның телефонындағы ватсап желісіне облыс тұрғындарынан күніне 300 хабарлама келеді екен. Есқалиев халықтың ұсыныстары мен өтініш, шағымдарын осылай біліп отырады.Сондай-ақ, әкім өңірдегі тозығы жеткен электр желісі, суы тартылып қалған Жайық өзенінің мәселесін шешу жолдарын, қоқыс жинау жолын да айтып берді. Әкіммен өткен баспасөз маслихатына біздің арананың елордалық тілшілері де қатысқан еді.

Батыс Қазақстан облысының әкіміне қойылған сұрақтар өңірдегі  қордаланып қалған мәселелерге қатысты болды. Жарты ғасыр бұрын тартылған 20 мың шақырымдық электр желілері толық жөндеуді қажет етеді. Қылышын сүйреп қыс келгенде электр желілері үзіліп жатады. Желінің жөндеуге жыл сайын инвестициялық бағдарлама бойынша 250 млн теңге салынады. Алайда, электр желісін толық қайта жөндеуден өткізуге ондаған млрд қажет. Әкімнің айтуынша, Батыс Қазақстан облысындағы электр желілерінің 70 пайызы тозған.

Әкіммен кездесуде көтерілген екінші мәселе Орал қаласы тұрғындарын әбігерге салған қоқысқа қатысты болды. Оралдағы қатты қалдықтар полигоны әбден ескірген. Қаладан 8 шақырым жерде орналасқан қоқыстан ауаға тараған жағымсыз иіс тұрғындардың  денсаулығына кері әсер етуде. Облыстағы заңдастырылған қоқыс жинау полигондарының аймағы 500 гектар жерді алып жатыр.  Онда 6 млн тонна қоқыс жиналған. Әкім қаланың ауасын бұзып отырған полигон мәселесін келесі жаз шешеміз дееген уәдесін айтты.

Өңірдегі өзекті мәселенің бірі-Жайық өзені суының азайып жатқаны. Соңғы елу жылда өзен суы екі есеге тартылып қалған. Қазір 2,5 метрді құрайды. Арнасы тартылған Жайықты толтыру жолдарын көрші Ресейден су тарту арқылы шешу мәселесі әзірге талқылану үстінде.

Сондай-ақ, өңірде жол мәселесі де күн тәртібінде тұр. Осы жылдың мамыр айында батысқа барған ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы жолдардың 70 пайызы нашар жағдайда деген болатын. Мұнай-газ конденсатының кен орны бар Батыс Қазақстан облысы дотациялық өңір. Алайда мұнайшылардан түскен салық облысқа бұйырмай қазынаға кетіп жатыр. Сондықтан да жол салуға бұл қаражатты жұмсай алмайды. Әрине облыс басшылығы жыл сайын там-тұмдап жолдарды жөндеп, жаңасын салып жатыр. Бірақ бұл жұмыс баяу жүруде. Айтпақшы, әкім Есқалиев  ұялы телефонының нөмірін жариялап, тұрғындардың ұсыныс, өтініштерін ватсап желісі арқылы қабылдап отырады екен. Әкімге күніне 300 хабарлама түсетін көрінеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.