Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

30 отбасына азық-түлік себеті таратылды

c 18:06, 13/05/2021 c 557

Облыста "Қайырымдылық керуені" жалғасын табуда. Бүгін Ораза айттың алғашқы күнінде 30 отбасыға азық- түлік себеті таратылды. Бұл шара еріктілердің бастамасымен ПД қызметкерлерінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Олардың әрқайсысының салмағы - шамамен 25-27 килограмм, ішінде 20-ға жуық азық-түлік пен тұрмыстық химия өнімдері бар. Оның ішінде жарма, макарон, күнбағыс майы, күріш, қарақұмық, қант, шай, ұн, түрлі тәттілер, балаларға арналған кәмпиттер, сондай-ақ кір жуғыш ұнтақ, сабын, сусабын бар.Биыл Наурыз мейрамын атап өту барысында қайырымдылық акциялары мен игі істер басты назарға алынды. Мереке күндерінің өзінде әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға төрт мыңға жуық азық-түлік себеті таратылды. Естеріңізге сала кетейік, себеттерді тарату акциясы мамырдың бірінде бастау алған болатын. Бұл шаралар жыл соңына дейін жалғасады.Сонымен қатар, еріктілер мұқтаж жандардың, жалғызбасты қарт адамдардың тұрмыстағы қажеттіліктірін де өтеп беруге қол ұшын береді. Айта кету керек, акциялар қатаң санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып өткізіледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.