Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

3 жаңа үй пайдалануға беріледі

c 15:24, 07/06/2021 c 406

0:00 / 0:00

Биыл Орал қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып жатырған үш үй қолданысқа тапсырылады. Қазіргі таңда үйлердің құрылысы қарқынды жүзеге асуда. Бір үйдің кілтін маусымның аяғында тұрғындарға табыстау жоспарланып отыр. Жалпы облыс орталығында бүгінде апатты және тозығы жеткен 19 тұрғын үй бар.

Қазіргі таңда құрылыс басында 97 адам жұмыс жасап жатыр. 231 пәтердің 25-сі апатты деп танылған үйдің тұрғындарына табысталмақ. Сала мамандары құрылыс жұмыстарына пандемияның әсер еткенін айтады. Жұмысшылары түрлі шектеулерге байланысты жұмысқа кешігуі немесе қатынастағы қиындықтар салдарынан біраз жоспар кейінге қалған. Пандемия мен шектеу шаралары болмағанда құрылысты екі-үш ай бұрын аяқтауымыз мүмкін еді,- дейді мамандар.

Абай даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үй мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып жатыр. Мемлекет жаңа үйге инженерлік желілерді тартып беруі қажет. Атқарушы биліктің сөзіне сенсек, осы үйдің инженерлік желілерін жүргізу үшін бюджеттен 244 млн. теңгедей қаражат қарастырылыпты.

Ал бұл -Ружейников 14 мекенжайында құрылысы жүріп жатқан үй. Аталмыш нысан маусымның аяғында табысталып, 34 апатты үйдің тұрғындары жаңа үйден пәтер алады.

Жалпы Орал қаласында 19 апатты және ескі тұрғын үй бар. Биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында үш көпқабатты үй, 500-ге жуық пәтер тапсырылады. Қазіргі таңда билік мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағдарламасы арқылы тозығы жеткен 12 үй тұрғындарымен келісссөздер жүргізуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.