Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

№22 автобус өз жұмысын жалғастырып жатыр

c 17:02, 20/12/2018 c 598

0:00 / 0:00

Кеше арнамыздан 22 бағытта жүретін қоғамдық көлік өз жұмысын тоқтатып, жүргізушілер наразылық танытып жатыр деп хабарлаған болатынбыз. Сол мезетте оқиға орынына барған Орал қалалық әкімдігінің қызметкерлері мәселенің шешімін тапқан. Қазіргі таңда жүргізушілердің бәрі өз жұмыстарын атқарып, №22 маршурт өз бағыты бойынша қатынап жатыр.

Бұл әйгілі №22 автобус. Әйгілі деген сөзді тектен-текке айтып отырғанымыз жоқ. Бұл бір басынан дау арылмаған автобус болды. Бұған дейін де осы автобустың төңірегінде шу көп еді. Адамдар жол ережесін жиі бұзады, жүргізушілері дөрекі деген сынды шағымдарын айтып жүретін. Енді оған кешегі мәселе қосылды.Жүргізушілер еңбек нарығындағы кейбір талаптармен келіспей жұмысқа шықпай қалған еді. Ал, қазір ол мәселе реттеліп, Орал қаласындағы №22 автобус өз жұмысын жалғастырып жатыр.
Бұл мәселенің дұрыс шешілуіне Орал қаласының әкімдігі ат салысқан.Кеше оқиға орынына барған Орал қаласы әкімінің орынбасары жағдайдың тұрақталғаның , жүргізушілердің жұмысқа шыққанын, қоғамдық көлік мәселесінде қиындық жоғын жеткізді. Жалпы, қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Орал қаласы бойынша электронды билет енгізілді, JPS бағдарламалар орнатылған, сол арқылы автобустың қай жерде келе жатқаның кез келген тұрғын қарап отыра алады.Ал, одан бөлек автобустардың тазалығы мен қыс ішіндегі жылылығы да басты назарда.

Нөмірі 22 автобуста жалпы саны 30 автобус бар.Қазір олардың бәрі өз жұмыстарын атқарып жатыр. Ал, жүргізушілерге қатысты жиі түсетін шағымдар туралы жұмыстар жасалып жатыр,- деді директордың орынбасары.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.