Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

2019 жыл - "Жастар жылы"

c 18:07, 16/11/2018 c 1363

0:00 / 0:00

Елбасы ел ертеңі - жастарды үнемі қолдап, олардың дамуы үшін жағдай жасап келеді. Биылғы жылы ел президенті кезекті жолдауында 2019 жылды жастар жылы деп жариялауға ұсыныс білдірген еді. Араға бір айдай уақыт салып, елбасы 13-ші қарашада келесі жылды жастар жылы деп бекітті. Ақжайық өлкесінің жастарын қандай мәселе толғандырады? Билік өкілдері қордалаған мәселені қалай шешуге ниетті? 

2019 жыл еліміз бойынша жастар жылы деп бекітілді. Жыл сайын жастарды толғандырған сауалды шешу үшін бірқатар жұмыстар қолға алынып келеді. Десек те, ел болашағы жастарды сапалы білім алу, жұмысқа тұру, баспаналы болу мен бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру сынды мәселелер толғандырады. Облыс көлемінде 136 мың жас бар. Олардың 3,9 пайызы жұмыссыз. Жастарды жұмыспен қамту үшін биылғы жылы 34 бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылған. 10 мыңдай жас жұмыспен қамту шараларынын аясында жұмысқа орналасқан. Олардың 6200-ден астамы арнайы орталықтың көмегімен жұмысқа тұрған.
Облыс аумағында "2017-2020 жылдарға арналған жол картасын жүзеге асыру" атты жол картасы жасақталған. Осы картаның аясында жастардың бос уақытын ұйымдастыру үшін бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, облыс аумағында жастар үшін 8 коворкинг орталық ашылыпты. Олардың алтауы ауылдық жерде орналасқан.
Жиында ауыл жастарының проблемасы да қалыс қалған жоқ.  Мәселен, Қазталов ауданының әкімі биылғы жылы ауданға 150 жас маман келгенін айтып, олардың 90-ы мұғалімдер екендігін атап өтті.
Жиынға қатысқан жастар пікірлерін ортаға салды. Мәселен, ауылдық жерде өз кәсібін ашқан жас кәсіпкер мемлекеттік қолдауын атап өтті.
Ел ертеңі - жастар. Жастар елдің тұтқасын ұстайтын жандар екендігі белгілі. Келешек Қазақстанның қандай болатынын, қай бағытта дамитынын, неден ұтылып, неден ұтатынын бүгінгі жастардан-ақ, байқауға болады. Бүгінде Қазақстандық жастың дамуы үшін атқарылар жұмыс көп. Елбасы бекіткен жастар жылында мыңдаған мықты көзге түсіп, жақсы идеялар жүзеге асып, жастарды толғандырған мәселелер азаяды ма деген сенім мол.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.