Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

200 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

c 17:59, 14/02/2022 c 636

0:00 / 0:00

БҚО аумағы 15 млн 133 мың гектарды құрайды. Оның 7 млн.-нан астам гектар жері ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға қолайлы. Қазіргі таңда 3 млн 267 мың гектар бос жатқан жер бар. Енді осы иеліктеріндегі жер телімдерін дұрыс пайдаланбай отырған шаруалармен жұмыс атқарылуда. Күні бүгінге дейін 200 мың гектар учаскі мемлекет меншігіне кері қайтарылыпты.

Облыста 7 млн.-нан гектардан астам жер ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға бағытталған. Мемлекеттен жер алып, оны дұрыс пайдаланбай, не өзіне, не өзгеге мүмкіндік бермей отырған кәсіпкерлермен күрес жұмысы күшейтілген. Бүгінгі таңда 200 мың гектар мемлекеттің меншігіне қайтарылыпты. Сол жердің 93 мың гектары жұмыс істеймін деген шаруаларға беріліліпті.

Ауыл шаруашылық мақсатынан өзге, облыста жер кезегінде 103 мыңнан астам адам кезекте тұр. Олардың көбі Орал қаласында тіркелген. 73 мың оралдық мемлекеттен тегін берілетін 10 соток жер телімін күтуде. 2021 жылы облыста жеке тұрғын үй салу үшін 250 жер учаскесі берілген. Басым бөлігі Бөрліде табысталыпты. Бұл ауданда 77 телім екен. Енді биыл 1141 учаскі облыс орталығына қарасты Круглозерный кентінен берілмек.

Өткен жылы жер заңнамасына өзгерістер жасалды. 1-қаңтардан бастап өз күшіне енген заңнама бойынша шетелдік азаматтарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері не сатылмайды, не жалға берілмейді. Және елдімекендерде жайылым аз болса, пайдалану кестесіне өзгерістер енгізуге болады. Және жер алып, оны қолданбай отырған кәсіпкерлерге салынатын салықтың мөлшері де көбеймек. Бұрындары салық 10 есе болса, енді 20 есе көп салық төлейді.

Сурет https://24.kz/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.