Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

180 пәтерде газ жоқ

c 18:05, 01/04/2021 c 476

0:00 / 0:00

Облыс әкімі арнайы барып пәтер кілттерін табыстаған жаңа үйде әлі күнге дейін газ жоқ. Бірлік 13 мекенжайы бойынша орналасқан 9 қабатты үйдің тұрғындары үшін табиғи газдың жоқтығынан ыстық тағам әзірлеп, дәмді ас пісірудің өзі бір машақатқа айналған. 9 қабатты тұрғын үй 2020 жылдың желтоқсан айында қолданысқа берілген болатын. Алайда жаңа баспанаға қоныс тепкен тұрғындардың қуанышы ұзаққа созылмады. Олар әлі күнге көгілдір отынсыз күнелтіп, ауқаттану үшін тек электр көзіне тәуелді болып қалды.
Ішер асын электр пешінде дайындап, шәйді де электр шәйнекпен қайнатудың арты қызыл шығынға әкелуде. Ай сайынғы жарыққа төлейтін коммуналдық ақыға қомақты соманың түбіртегі келіп, отбасылық шығындар артқан. Бұл өз кезегінде көп балалы отбасылар мен зейнеткерлерге ауыртпашылық туғызып отыр. Бүгінде тұрғындардың басты сұрағы табиғи газ қашан қосылады?
Жалпы бұл көп қабатты тұрғын үйде 180 пәтер бар. Тұрғындар электр пештері ақау беріп, арты қайғылы жағдайға ұласып жүрмей деп қорқады. 4 айдан бері табиғи газдың жоқтығынан әсіресе кембағал баласы бар жандар зардап көруде. Асыққанда тағам пісіп, су жылып болмайды деп налиды.
Газ тартылған құбырлар бар болғанымен бірнеше ай өтсе де пәтерлерге көгілдір отын әлі жеткізілмеген. Осы сұрақ бойынша сала мамандарына барып жауап алдық. Түйткілді мәселенің шешімін табуы тек уақыт еншісінде көрінеді.
Билік өкілдері айтылған базынаға құлақ асып, тиісті келіссөздер жасалса, үй жақын арада табиғи газға қол жеткізеді деген сенім бар. Көгілдір отын берілсе 180 пәтер үшін өзекті мәселе шешімін тауып, тұрғындар бір мәре-сәре болар еді. Бұл кезде шектен тыс электр кернеуінен туындайтын өрт қаупі де сейіледі. Ал әзірге ата-аналар бала-шағаның қауіпсіздігіне алаңдаулы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.