Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

162 борышкерге іздеу салынған

c 17:26, 04/02/2019 c 642

0:00 / 0:00

Облыста жеке сот орындаушылар саны артып келеді. Мәселен, Ақжайық өңірінде осыдан  біраз  жыл бұрын небәрі екі-ақ жеке сот орындаушысы болса, қазір олардың саны 80-ге жеткен. Жеке сот орындаушыларының атсалысуымен өткен жылы облыс тұрғындарының борышкерлерден өндіріп ала алмай жүрген 18 млн. ға жуық  көлеміндегі қарыздары қайтарылыпты. Өткен жылы мемлекет пайдасына - 1 млд, 423 млн 453 мың  қарыздың, 466 млн 641  мың теңгесі  борышкерлерден өндіріліп алынып, 478 алимент өндірісі бойынша қарыз өтелген. Оның ішінде бір тұлға қылмыстық жауапкершілікке  тартылған.  Бүгінгі таңда көкек әкелерге қатысты мәселе басты назарда дейді сала мамандары.Сонымен қатар, сот орындаушылар ісінде соңғы жылдары неси қарызы да қосылып, жұмыс екі есеге көбейіпті. Өткен жылы қоғамдық көліктерде  Борышкерлермен күрес масқатында алимент төлеуден жалтарып жүргендер  жайлы бейнероликтер дайындалып, көрсетілді.  Сондай-ақ,  құқықтық статистика сайтында ресми түрде іздеуде жүрген борышкерлер суреттері  жарияланды. Олардың арасында балалары алдындағы  қарызы бойынша іздеуде жүргенін біліп,  заңға құлақ аспайтындары да бар. Қанша жалтарса да мұндайлар еселенген қарызымен түбі жауапқа тартылмай қоймайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.