Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

1500 орынға арналған мешіттің жобасы мақұлданды

c 13:14, 06/12/2021 c 941

0:00 / 0:00

Байқауға Қазақстанның әр өңірінен 6 жоба ұсынылған. Нәтижесінде алматылық сәулетші Қасиет Тәшімбетовтың жобасы мақұлданды. БҚО-ның және Орал орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Сабырәлиев дәл осы жоба барлық талапқа сай келетінін жеткізді. Ал өзге ұсынылған жобалар 500-700 орынға лайықтап жасалғанын айтып өтті. Қазіргі таңда қаладағы мешіттерде жұма намазында жамағаттың көп жиналуы орын тапшылығын тудырады екен. Бас имам жаңадан құрылысы басталатын мешіт тұрғындарымыз үшін ыңғайлы болатынын жеткізді. Мешіт құрылысына демеушілер мен инвесторларды тарту көзделген. Бұдан бөлек, мешіт аумағында 100-150 адамға арналған шатырлы алаң, шағын бақ, 500 орынға арналған автотұрақ салу қарастырылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.