Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

144 орындық жатақхана пайдалануға берілді

c 15:33, 03/09/2020 c 489

0:00 / 0:00

Өңірде студенттерді жатақханамен қамту мәселесі әлі де өзекті. Осыған орай Орал қаласында 144 орындық студенттер үйі қолданысқа берілді. Нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынды.Бұрын медициналық колледж студентетріне арнлаған жатақхана мәселесі өзекті болатын. Енді жаңадан ашылған ғимарат ауылдан немесе алыстан келіп оқитын 144 студентке мекен болмақ. Заманауи студенттер үйі барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Мұнда сымсыз интернет, дәрісхана мен асхана және медициналық қызмет бөлмесі бар. Тұрақжайдың әр бөлмесі 4 адамға арналған. Жатын бөлмелерінің іші кең, әрі жарық. Жалпы облыстағы 34 колледжде 17 мыңнан астам студент орта техникалық білім алуда. 20 жатақхана бар. Алайда әлі күнге дейін арнаулы оқу орындарының екі мыңнан астам студенті жатақханаға мұқтаж. Cтуденттер санының жыл сайын артуына байланысты, бүгінгі таңда бұл- өте өзекті мәселе. Қазір шаһарда үшінші әлеуметтік бастама аясында 500 орындық үш жаңа жатақхананың құрылыс жүргізілуде. Бүгінде жеке инвесторлардың бастамасымен Батыс Қазақстан индустриялдық колледжінің, Орал политехникалық колледжінің және "Мақсат" Орал медициналық колледжінің студенттіріне арналған үш жатақхана салынуда. Алдағы уақытта жаңа ғимараттар студенттердің жайлы қонысына айналары сөзсіз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.