Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

14 млрд теңгеге жылыжай салынып жатыр

c 16:43, 19/08/2020 c 570

Өңірімізге инвестиция тарту – атқарылып жатырған жұмыстардың басым бағыты болып табылады. Облысымыз үшін барлық инвестициялық жоба маңызды. Олар «қарапайым заттар экономикасының» дамуына бағытталады. Бүгінде БҚО  7 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Іске қосылып, өңір экономикасын көтереді деп жоспарланған ірі жобаның бірі- Бәйтерек ауданындағы жылыжай. Қазақстан бойынша аумағы кең осындай жылыжай тек біреу ғана екен. Екіншісі - енді біздің өңірде салынып жатыр. Аумағы 12 гектар болатын жылыжайда бүгінде 150 жұмысшы қызмет атқаруда. Қияр мен қызанақ өсіретін жылыжай кешенін «World Green Company» ЖШС қолға алған. Бұл жобаның құны – 14 млрд теңге. Қолданысқа берілгеннен кейін 200 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
Желтоқсан айында қолданысқа беріледі деген нысанның жобалық қуаты - 4400 тонна қияр мен 3450 тонна қызанақ өсіруге қауқарлы. Жылыжай кешеніне қажетті тұқымдарды голландиялық компания тасымалдайтын болады. Инвестор болып отырған компания Еуропадағы ауылшаруашылық өнімдерін өнеркәсіптік өсіру саласындағы көшбасшылардың бірі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.