Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

100 - ден аса киік мүйізі тәркіленді

c 17:46, 13/02/2020 c 543

Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғынынан 100-ден астам киік мүйізі тәркіленді.  Оқиға 12 ақпан күні Бөкей ордасы ауданы Бөрлі ауылы маңында болған. Осы ауданның 1990 жылғы тұрғынынан 102 дана киік мүйізі тәркеленген.  Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 339-1-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Мемлекетке келтірілген шығын анықталуда. Айта кетейік, күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің жаңа бабы қолданылады. Бұл бап бойынша оның мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да браконьерлердің 45 киікті атып өлтіріп, өлексесін далаға тастап кеткені туралы ақпарат берген едік.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.