Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

100 адам қызылшаға шалдықты

c 17:30, 11/06/2019 c 1030

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 100 адам қызылшаға шалдықты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ринат Құбатаев мәлім етті. Оның айтуынша, соның 43-і немесе 43 пайызы - 14 жасқа дейінгі балалар. Осының ішінде 19-ы - бір жасқа дейінгілер. Бұл жалпы ауырған балалардың 44,1 пайызын құрайды. Қызылшаның тең жартысынан астамы, яғни 59-ы Орал қаласында, 20-сы Бәйтерек, жетеуі Бөрлі, алтауы Бөкей ордасында, төрт-төрттен Сырым мен Теректі аудандарында тіркелді. Облыстың бас санитары  дәрі-дәрмектерді дәріқағазсыз  беру туралы мәселеге де тоқталды. Қарапайым препараттар бұрынғысынша рецептсіз беріледі.  Атап айтсақ  мұрынға тамшылар, сироптар, шөп шайы, ыстықты түсіретін, кейбір ауыруды басатын дәрі дәрмектерді кедергісіз алуға болады. Ал психотроптық, күшті ауырсынуды басатын және есірткілік препараттар дәріқағазсыз берілмейді. Және олардың бағасы да  қатаң бақылауда. Облыста жұқпалы ауру азайған. Жұқпалы аурулардың ішінде ротавирустық энтерит 4,7 есеге, анықталмаған жіті ішек инфекциялары 2,5 есеге, скарлатина 6 оқиғаға, жіті вирустық гепатиттер 7 оқиғаға, ЖРВИ, тұмау 21,2 есеге, энтеробиоз 25,1%, дерматомикоз 6 оқиғаға төмендеген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.