Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

10 жылға сотталды

c 17:40, 06/08/2019 c 426

0:00 / 0:00

Бүгін БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ішімдік ішіп рөмкелесін өлтірді деп айыпталған Берік Супуғалиевке үкім шығарды. Судья Бақыт Ермахановтың баяндағанындай, оқиға үстіміздегі жылдың 2- ші сәуірінде Бөкейордасы ауданындағы Бөрлі ауылына қарасты «Қажығали» қыстағында болған. Бүгінде күдікті Супуғалиев пен марқұм Шамғонов бірігіп ішімдік ішіп, кейін әңгімелері жараспаған екеуі дауласады. Өзін балағаттағанға шыдамаған Супуғалиев Шағоновтың мойынан бірнеше жерден пышақ сұғып, салдарынан Шамғонов оқиға орнында көз жұмды. Ауыр қылмысқа барған айыпты енді өмірінің 10 жылын темір торда өтейтін болады.– Супуғалиевке ҚР ҚК  99 бабы 1 бөлігімен 10 жылға бас бостандығынан  айыру жазасы тағайындалып отыр. Сонымен қатар ол, жәбірленушінің пайдасына яғни  марқұмның апасы Ғұсмановаға - 1 млн 500 мың теңге өтемақы төлейтін болады. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ деді, – судья Бақыт Ермаханов.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.