Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

10 аула абаттандырылады

c 16:00, 13/05/2020 c 510

0:00 / 0:00

Биыл Оралда 10 көп қабатты үйдің ауласы абаттандырылатын болды. Бұл туралы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі» басшысы Жандос Сәлімов мәлімдеді.

Бұл Ықсанов көшесіндегі бірнеше көп қабатты үйдің ауласы. Өздеріңіз көріп тұрғандай Оралдың ортасында тұрған көшедегі бұл тұрғынжайлар айналасына өткен ғасырдан бері абаттандыру шаралары жүргізілмеген. Енді бұл кемшіліктің орны толтырылып, тұрғындар жайлылығы үшін заман ағымына сай үй маңында жағдайдың барлығы жасалатын болады. Мердігер бір ай ішінде өз міндетін орныдайтындарын жеткізді. Облыс орталығында үстіміздегі жылы 10 ауланы абаттандыруға қазынадан 422 млн теңге бөлінген. Оралда барлығы 480 аула болса, оның 356-сы заман талабына сай жайланған.Әзірге 4 аулада құрылыс жүруде. Бұдан бөлек Әбілхайырхан даңғылы мен Сергей Тюленина және Әйтиев көшелеріндегі көп қабатты үйлер аулалары абаттандырылатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.