Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

10 айлық сәби көз жұмды

c 17:18, 11/06/2019 c 945

0:00 / 0:00

Оралда 10 айлық сәби бактериялық жұқпадан көз жұмды. Оқиға кеше  болған. Сәбидің дене температурасы түспеген. Дәрігерлер қыз балаға «іріңді менингит» диганозын қойған.  Науқасқа танымал өз ісінің шеберлері ем жасасада нәтиже бермеді. Дәрігерлер бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, сәби облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде бактериялық жұқпадан көз жұмды. Жыл басынан бері облыста менингикок жұқпасының екі дерегі тіркелген. 20 жастағы және 9 айлық науқастарда менингоккты инфнекцияның генеразацияланған түрі анықталған. Науастар дер кезінде көрсетілген медициналық жәрдемнің арқасында құлан таза айыққан.  Сала мамандарының айтуынша, мененгит түрліше болады. Мысалға, қайтыс болған 10 айлық сәби іріңді мененгитпен ауырған. Ол ол минингококты инфекцияға жатпайды.  Іріңді менингикок адамнан адамға жұқпайды.  Осы орайда сала мамандары жұқпалы менингитке шалдығу фактілерін де атап өтті. Табиғат аясында суға шомылу мен көкөністерді жумай  тұтыну және жеке бастың гигиенасын сақтамау аталмыш дертке ұшыратуы ықтимал.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.