Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

10 әйел аналар үйінде

c 17:46, 31/01/2019 c 723

0:00 / 0:00

28 жасында жүкті болып, жалғыз қалған Гүлім талай қиындықты бастан өткергенін айтады. Жалғыз басты ана атанған ол, сәбиінің әкесін еске алғысы жоқ. Жәнібек ауданының тумасы мамандығы бар екенін де айтады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлім аналар үйі туралы жүкті кезінде естіп білген. Сәбиін тірі жетім атандырмауға бел буып аналар үйі уақытша болса да пана тұтуға  шешім қабылдапты. Ал, Светалананың жағдайы мүлдем бөлек, сәбиін өмірге аман-есен әкелген соң, қыз баланың әкесі мен Светланың тумалары шақалақты балалар үйіне тапсыруға көнідірмек болған. Деседе 9 ай 10 күн көтерген сәбиінен бас тартпай аналар үйіне амалсыздан аяқ басыпты. Аналар үйінде қиындыққа тап болған қыз-келіншектермен арнайы психологтар жұмыс істейді. Мамандардың айтуы бойынша қазіргі таңда оларға ең басты қажеттілік - отбасындағы жылулық. Бұл шаралардың түпкі мақсаты - тастанды балалардың санын азайту. Елімізде аналар үйі ашылғаннан бері - 3652 сәби шешесінің құшағында қалып, аялы алақаннының жылуын сезінсе, облыс бойынша -50 бала отбасы ошақ қасында қалған.  Қазір аналар үйін 10 жалғазбасты әйел паналауда. Олардың ең жасы 21 де болса, ең үлкені- 30 да. Тағдыр тауқыметін арқалап жүріп баласын тірі жетім атандырмау жолында күресІп жүрген әйелдердің 80 пайызы отбасына оралуды аңсайды. Ал бұған дейін аналар үйінен жылу тапқан әйелдердің 22 пайызы өмірлік жолдастарымен шаңырақ құрып бүгінде екінші рет ана атанғандары да бар екен

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.