Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

10 адам жұмыссыз қала ма?

c 16:35, 03/01/2019 c 658

Оралда жиһаз жасап, күндерін көріп келген 10-нан астам мүгедек жұмыссыз қалды. Олардың цехын жаңа жыл түні шағын автобус күл талқан етті. Тапсырыспен дайындалған жиһаздарда жарамсыз болып қалған. Мүгедек кәсіпкер Біржан Қожақовтың айтуынша, шығын көліме шамамен 500 мың тенгеге жуықтайды. Енді ол жомарт жандардан уақытша ғимарат сұрап отыр. Кәсіпкер жоғары жылдамдықпен жүйткіген шағын автобус жол жиегіндегі жиһаз дүкеніне кіріп кеткенін айтты. Кәсіпкердің сөзінше, көлік жүргізушісі мас болған, кейін оны ауруханаға әкетіпті. Қазір бір жақ қабырғасы қақырап түскен ғимараттың ішіндегі заттар да тоналғанын айтады. Апаттан аман қалған сандықтар мен мүгедек балаларды жаттықтыруға арналған көмекші құрылғыларды ұрлап әкетіпті. Амалы таусылған кәсіпкер енді кімнен көмек сұрарын білмей отыр.
Біржан ҚОЖАҚОВ,КӘСІПКЕР: - Облыс әкіміне кіретін шығармын, уақытша ғимарат тауып берсе деген өтінішпен. Әрине жүрегім ауырады, тырнақтап жинаған нәрсенің бәрі бір сәтте осылай жоқ болғаны, қиын. Арақтың кесірі, енді - бұл. Тек қана өзім емес, қанша мүгедектер зардап шегіп отыр осы үшін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.