Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

№1 Емхана шатыры сынып кетті

c 17:25, 11/03/2019 c 625

0:00 / 0:00

Мереке күндері Орал қаласындағы №1 қалалық емхананың шатырының тіреулері сынып, төбесі опырылып кетті. Әлеуметтік маңызы бар нысанның қауіпті аймағы бүгінде қоршалған. Сала мамандарының айтуынша емхана төбесі қалың қарды көтере алмай сынып кеткен. Оқиға 10 наурыз күні болған. Облыстық төтенше жағдайлар басқармасына емхана төбесінің опырылуы туралы хабарлама сағат 14.37 түскен. Барлығы 15 шаршы кв метр аумаққа залал келген. Деседе медициналық мекеме жұмысы әдеттегіше басталған. Төтенешілктердің айтуынша емхана шатыры үйілген қарды көтере алмай опырылыпты. Қаза тапқандар, зардап шеккендер жоқ. Келген шығын көлемі қазір есептеліп жатыр. Сондай-ақ төтеншеліктер қаладағы барлық мекеме-ұйым басшыларын төбедегі және ауладағы қарды өз күштерімен тазалауға шақырады. Айта кетейік, облыс территорясында 27 нысанның шатыры биылғы қарға шыдас бермей опрылып кеткен. Мамандардың айтуынша мұндай жағдай соңғы 5 жылда 1-ші рет болып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.