Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

1-ақпанда вакцинация науқаны басталады

c 18:07, 27/01/2021 c 719

0:00 / 0:00

Ковид-19 індетіне төтеп беру мен вирустан келетін қатердің алдын алу үшін әлем елдері жаппай вакцина салуды бастап кетті. Елімізде екпе салу науқаны 1-ақпанда басталмақ. Вакцинация үш кезеңге жоспарланып отыр.

Елімізде 1-ші ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы екпе салу науқаны басталады. Вакцинация 3 кезең бойынша ұйымдастырылмақ. Ең алдымен азаматтарға Ресейдің Гамелей атындағы ғылыми орталығы жасаған "Спутник V" екпесі егіледі.

-Облыс аумағына "Спутник V" келеді деп жоспарлануда. Екпелерді сақтау үшін қалалық ауруханада 15 метр куб болатын тоңазтқыш модулі жасақталған. Және облыс орталығында орналасқан 6 емхана да тоңазтқыш камераларымен жабдықталады,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Арман Қалибеков

Екпе салудың бірінші кезеңінде жұқпалы аурухана жұмыс жасайтын медицина қызметкерлері, жедел жәрдем мен санитарлық -эпидемиологиялық бақылау мамандарына вакцина салынады.

-Екпе екі этапта жүргізіледі. Екпемен екінші екпенің арасы 21 күнге созылады.Екпені жүргізу кезең-кезеңмен жүргізу жоспарлануда,-дейді БҚО санитариялық-эпидемилогиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Қарлыға Есмагулова .

Елімізде екпе салу ерікті түрде жүзеге асады. Және кәмелет жасына толмаған балаларға коронавирусқа қарсы вакцинация егілмейді.

-"Халық денсаулық және денсаулық сақтау" жүйесі туралы кодекстің 77 бабына сәйкес Қазақстанда вакцина салғызу ерікті. Және де егер вакцина салдырмаған жағдайда заңмен қудаланбайды. Әкімшілік немесе қылмыстық жазаға тартылмайды, -дейді БҚО санитариялық-эпидемилогиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Қарлыға Есмагулова .

Қала тұрғыны Алтынбек коронавирусқа қарсы екпе салуды қолдап отыр. Кейіпкеріміз: "Кеселге төтеп беріп, жанұям мен өзгеге қауіп төндірмес үшін Ресейдің екпесін алғым келеді",- дейді.

- Мен отбасым мен жанымда жүрген жандарға қауіп төндірмес үшін Ресейдің спутник в екпесін саламын деп шешім қабылдадым. Отандық екпе жайлы ешбір ақпарат жария болмағасын, көрші елдің екпесін салғанды дұрыс деп санаймын. Жалпы екпе салу бұл- індетпен күрестің алғышарты.

Ажар Хамитова тілші:

-Ғалымдар вируспен күресу үшін вакцина салу керек дегенді алға тартып отыр. Қазіргі таңда әлемде коронавирусқа қарсы екпені жасақтап, Еуропа елдері, Қытай, көрші Ресей жаппай вакцина жасауға білек сыбана кіріскен. Жұқпалы індетке қарсы вакцинаны қазіргі АҚШ-тың 46-шы президенті Джо Байден; Режеп Эрдоған, Еливазетта 2 мен ханзада Филипп салды. Күні кеше ғана өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Отандық вакцинаның үшінші кезеңі сәтті аяқталса, Казковидинді алатындығын мәлімдеді.

Сурет ria.ru сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.