Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жүйедегі олқылық

c 17:29, 10/04/2019 c 713

0:00 / 0:00

Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылының тұрғыны Татьяна Старцева үйінде бөгде төрт адамның тіркеуде тұрғандығын анықтаған. Кейуаның сөзінше, оның үйінде өзінен басқа ешкім тіркеуде тұрмаған көрінеді. Ауыл тұрғыны электронды қолтаңба арқылы мекенжай туралы анықтаманы алған тұста, аталмыш олқылықты көзі шалған.

Электронды қолтаңба арқылы Татьяна Старцева үйінде бөгде азаматтардың тіркеуде тұрғандығын анықтайды. Алайда, кейуана мен ешкімді тіркеуге тұрғызған жоқпын.2007 жылы алған жаңа үй кітапшамда өзімнің тіркеуде тұрғандығы жазулы тұр,-дейді. Кейіпкеріміз орын алған олқылықты түзету үшін заңгерлердің көмегіне жүгініп, әкімдік пен көші-қон қызметі мен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдеріне арызданыпты.

Азаматтардың тіркеуіне жауапты облыстық көші-қон қызметі Старцеваның арызы бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізіп, олқылықты түзеткендігін айтады. Үйде бөгде адамның тіркеуде тұрғандығына жүйедегі ақау кінәлі болып шықты. Яғни, 2017 жылдан бастап мекенжай тіркеу коды енгізілді. Осы жаңашылдық аясында бір үйде қанша адам тіркеуде тұрғандығын анықтауға болады. Кейіпкеріміздің көршілері ақпараттық кодты уақытылы жасаптай, жүйеге енбепті.

Мичуриндік Татьяна Старцеваның бетпе-бет кездескен жағдайы облыс тұрғындарының арасында кездесіп отырған көрінеді. Кейіпкеріміз өзі секілді қиын жағдайды бастан кешпес үшін, барша батысқазақстандықтарға электронды қолтаңбаның көмегімен үйде кімнің тіркеуде тұрғандығын бір тексеріп алуға кеңес береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.