Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолдау бағыт сілтейді

c 17:05, 11/09/2019 c 1103

0:00 / 0:00

Жаңа жолдау - жаңа міндеттемелер жүктейтіні анық. Орал қаласы әкімдігінің қабырғасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылауға арналған актив жиыны өтті. мінберге мінген қала әкімі Абат Шыныбеков: -"Жолдауда «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру - бәрімізге ортақ міндет» - дей келе, қала тұрғындарына сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында ашылған «Ашық әкімдік» пен тұрғындарды қабылдау шарасы халықтың таап-тілектерін орындауға оң ықпал тигізіп келетінін айтты. Әр шара сайын өтініш-тілектермен келетін тұрғындар саны артып, қабылдау өткізу дәстүрге айналған.

Жолдауда көрсетілген әлеуметтік көмек көрсету жүйесін одан әрі дамыту бойынша мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шаралар қолға алынған. Жолдауда келтірілген мысалға мән берсек, соңғы бес жылда Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 77 мыңнан 1,4 миллионнан астам адамға артқан. Әлеуметтік көмекке бюджеттен бөлінетін қаражат көлемі 2017 жылдан бері 17 есе көбейді және одан да арта түспек, - дейді қала басшысы.

Жиында Абат Шыныбеков жолдауда көзделген "Бақытты отбасы" бағдарламасына кеңінен тоқталып, жуырда қала нысандарына жылуды уақытылы тарату, барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамту, сондай-ақ күз мезігіліне дейін сенбілік науқанын жалғастыру сынды тапсырмалар барын тілге тиек етті. Жолдау талқылауында бұдан өзге,
Орал қаласының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Роза Көжекова, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі БҚО филиалының төрағасы Болат Жексенғалиев, жеке кәсіпкер Ақұштап Құспан, «Орал жастар» волонтерлік қозғалысының мүшесі Амангелді Талант маңызды құжат туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Жиын соңында қала күні мерекесін жоғарғы деңгейде аталып өтілуіне үлес қосқан мәдениет саласының қызметкерлері мен беленді топ мүшелері марапатталып, Елбасы Жолдауын іске асыру аясында арнайы қарар қабылданды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.