Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жертөле суға толды

c 17:43, 11/10/2019 c 722

0:00 / 0:00

"Жертөле суға толды!",- деп арнамызға шағымданған Орал қаласындағы 9 -шы шағын ауданының 5-ші үй тұрғындары, біздің телеарнаның араласуымен іске жауапты ПИК қызметін тәртіпке шақырды. Олар:"Ііргеден су кеткең соң, үйіміз опырылып кетеді ме",- деп қорқады. Бұл бейнежазбаны ашынған тұрғындар арнамызға жіберді. Осыдан 9 жыл бұрын қолданысқа берілген баспана, судан көз ашпайтын жертөленің машақатын тартып келеді.Тұрғындар жертөледегі ыстық су құбырының жарылу жағдайы осымен 4-ші мәрте орын алып отырғандығын айтады. Осындай жағдай қайталана берсе, астыңғы қабаттағы электрқалқан кабеліне су тиіп, жертөлеге кірген-кеткенді тоқ ұра ма?,- деп алаңдайды шағымданушылар. Атаулы мәселеден ашынған тұрғындар бірауыздан өздері қарайтын "Чемпион" Пәтер Иелері Кооперативіне барып, түйіткілді мәселеріне жауап алды. Баспананың жертөлелері суға толатынын ПИК-тің сала қызметкерлері де біледі. Бұл күрделікті шешу мүмкін емес, тек сорғыштың көмегіне ғана жүгінудеміз, - дейді олар. Жертөледегі ылай суды 3 күн көлемінде сорғытып, кептіріп береміз деген жауаптылар, тұрғындарға уәдесін берді. "Осындай олқылық жиі қайталана берсе, 9 -шы шағын ауданының 5-ші үйдің тұрғындары ПИК қызмегінен бір жола бас тартамыз", - деген пікірде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.