Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жер телімдерін алуға өтініштерді қабылдау басталады

c 17:27, 08/07/2022 c 2125

0:00 / 0:00

Шілдеден бастап облыс орталығына қарасты Круглозерный кентінен жер берілмек. Құжаттарды қабылдау қыркүйектің екісіне дейін жалғасады. Қазіргі таңда 900 жер телімі кезекте тұрған жандарға беріледі. Азаматтар заң бойынша берілетін участоктарды 20 жылға жуық күтіп келеді.

Жер-елдің қазынасы. Еліміздің заңнамасына сәйкес әрбір кәмелет жасына толған ҚР азаматы жеке үй салу үшін 10 соток жерді тегін алуға құқылы. Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша жер кезегінде 109 298 мың адам тұр. Биыл жиырма жылдай кезекте тұрған жандарға жер телімдері беріледі.

Ертеректе егжей-тегжейлі жоспарлау барысында азаматтарға деп 1141 жер телімі беріледі деп айтқан еді. Алайда, участоктардың саны кеміп, бүгінде 900-ды құрап отыр. Мамандар 165 гектар жер мемлекеттік меншікке өткенін айтады. Ол жерлер арендада болған екен. 5 гектар жер жекеменшіктің қолына өткен. Азаматтарға берілетін жер телімдері 8-10 сотокты құрайды. Оны бөліп сатуға тыйым бар. Егер оралдықтар 3 жылдың ішінде участоктарға ешқандай құрылыс жүргізбесе, жер телімі мемлекет меншігіне өтеді.

Енді жаңа жер телімдерінде салынатын баспанаға көшсек. Әкімдік қызметкерлері тұрғын үйлердің 4 эскизін дайындадық,- дейді. Және үйдің шатыры мен қорғаудың түрі біркелкі болу керек.

Екінші қыркүйекке дейін азаматтардан өтініш қабылдайды. Оралдықтар арызын "Жұмыспен қамту орталығына" барып жазады. Әкімдік қызметкерлері арызды тек түске дейін жиырма адамнан қабылдаймыз деп отыр. Азаматтар тізім бойынша орталыққа барады. Жер телімін алатындардың тізімі Орал қаласы әкімдігінің сайтында жарияланды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.