Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жер салығы 20 есеге өседі

c 20:10, 21/02/2020 c 459

0:00 / 0:00

Қазақстанда пайдаланусыз жатқан жерлерге жер салығын 20 есеге арттыру көзделіп отыр. Бұл жайында бүгін өткен ауыл шаруашылық министрлігінің алқа мәжілісінде айтылды.  Игерусіз жатқан жерлерге салықты өсіру мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынып жатыр. Сондай-ақ, жиын барысында мәлім болғандай ауыл шаруашылық министрлігі  Қазақстаннан тірідей қара малды экспорттауға тиым салды. Шектеу жарты жылға созылмақ.

Ауыл шаруашылық министрлігінің мәлімдеуінше, Ақмола облысының латифундисынан 1,7 млн гектар жер тартып алынған. Енді ол жерде 45 шаруа қожайындары егін егіп, кәсібін айналдырып жатыр. Ал млндаған гектар жерді басып алып, түк пайдаға жаратпай жатқандарға салынатын салық өсетін болады. Министрлік пайдаланылмай жатқан жерлерге салықты 20 есеге арттырамыз деп отыр.

Рүстем Құрманов  – ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі; «Құзырлы органдар жүргізетін тексеру барысында пайдаланылмай жатқан жерлер болса, ондай жерлерге салынатын салық 10 есеге өсті. Енді біз бұл салық түрін 20 есеге арттыруды көздеп отырмыз. Тіпті игерусіз жатқан жерлерге салықты 50 есеге өсіру туралы ұсыныстар да болды. Осылайша, пайдаланусыз жатқан жеріне шарықтаған салық төлегенше, одан бас тартатын болады. Егер салық 20 сеге өссе, бір гектар жерге 15-20 мың теңге төлейді».

Шындап келгенде,  қазақтың байтақ жерінде игерусіз жатқан жерлер көп. Кезінде заңды белден басып млндаған гектар жерді меншігіне түсіріп алған латифундистарға не қыруар қаржысын шығарып салық төлеу керек болады. Немесе пайдаланусыз тұрған жерлер қайтарылып алынып, қолынан шаруа келетін азаматтарға мүмкіндік беріледі. Себебі, ауыл халқы жер анадан қоректенеді. Егін салады, малын өсіреді, бау-бақшасын гүлдендіреді.  Дегенмен, ірі шаруа қожалықтары салықты өсіруге қарсылық білдіріп отыр.

Министр Сапархан Омаров шаруаларды салық саясатына қатысты жұмыс тобының талқылауына қатысуға шақырды.

Алқа мәжілісінде мал шаруашылығына қатысты да мәселе қозғалды. Ауыл шаруашылық министрлігі тірідей қара малды экспорттауға тиым салғанды. Себебі, сыртқа тым көп мал тірідей кетіп жатыр. 2019 жылы экспортқа 156 мың бас ірі қара мал шығарылған. Оның 78 пайызы көрші Өзбек еліне экспортталған. Шикізат тым арзанға кетіп жатыр дейді министрлік өкілдері.  Ал шаруаларға малын сойып сатқаннан гөрі, тірідей сатқан тиімдірек болып тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.