Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жақсылық сауапсыз қалмайды

c 17:20, 11/11/2020 c 592

0:00 / 0:00

Расымен әр пенденің қолымен жасалған кез-келген оң әрекет алдынан ақ жол болып шығары анық. Сол себепті жақсылық жасау – әрбір пенденің көздеген мақсаты болуы тиіс. Осы ұстанымды берік ұстайтын азаматтар жеткілікті. Солардың ізгі істері артып келеді. 1 қарашадан бастап мейірім айлығы аясында жомарт жандардың қолдауымен 200-ден аса азық-түлік жәшігі таратылды. Міне, тағы қомақты қаражат жиналып 60тан аса азаматқа бірінші қажет әлеуметтік азық-түлік салынған қоржын таратылды.
Жалпы Орал қаласында 4-мыңнан аса кембағал жан бар көрінеді. Расымен, барлығын қамту мүмкін емес. Оған алдымен қаражат тапшы болса, сол қаражатты жеткізуге көмектесетін жомарт жандар аз көрінеді. Соған қарамастан көптеген жанға түрлі әлеуметтік көмектер көрсетіліп келеді. Ілкімді шара барысында шаһардың орталығында тұратын жандарға тартулар жеткізілді. Ал қалған жәшіктер қаланың шет аудандарына жол тартты.
Осы тұста еріктілердің көмегі зор. Көлікпен қамту, қала берді жәшіктерді тасу. Барлығы осылардың мойында. Жалпы БҚО-сында 10-мыңнан аса ерікті тіркелген. Бүгінде барлығы бір адамдай әлеуметтік маңызы бар жұмыстарға ас салысып келеді.
Айлық аясында емханаларда ашық есік күні, демалыс күндері ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Бұлардың барлығы көнекөз қариялармызға жасалып жатырған қамқорлықтың бір ұшқыны.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.