Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жайық өзені тартылып барады

c 17:36, 11/10/2019 c 1215

0:00 / 0:00

Балығы тулаған, шағаласы шулаған Жайық өзені тартылып барады. Өзеннің су деңгейі 2 метрге дейін түсіп кеткен. Экологиялық апаттың алдында тұрған өңірдің басты өзені - Ерке Жайықтың қазіргі ахуалын БАҚ-рі жарыса айтып, жазып жатқанымен, қолға алынып жатқан іс жоқтың қасы."Біз өзеннің мәселесін ұзақ жылдар бойы айтып келеміз, бірақ оқиғаның себебін толық түсіну үшін кең көлемді ғылыми зерттеу қажет. Мұндай зерттеулер соңғы отыз жылда жасалмаған. Мұны атқару үшін екі елдің билігі мемлекет деңгейінде шешім қабылдауы қажет", - деген пікірін “Орыс географиялық қоғамының” вице-президенті, ғалым Александр Чибилев қалдырған болатын. Расымен жыл сайын Жайық өзеніне 11 млрярд текше метр су келу керек еді. Бірақ, ақпан айындағы көрсеткіш - 5 млярд 300 млн. текше метр ғана, - дейді Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары.Көршілес Ресей Федерациясынан бастау алатын қарт Жайықтың жалпы ұзындығы - 2428 шақырым болса, 1084 шақырымы Қазақстан аймағында орналасқан. Өзен Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары арқылы өтеді. Күнелтісі. Аймақтағы егін мен мал шаруашылығы Жайыққа тікелей тәуелді.Жылда тасқын кезінде су деңгейі 540 см-ге дейін көтерілсе, биыл керісінше 240 см-ге түсіп кеткен. Ендігі үміт - Шалқар көлінен 2 есе үлкен 3 млярд. 270 млн. текше метр су қоры Орынбор облысындағы Ирикла су қоймасында болып отыр. Қарт Жайыққа келген зардап орасан. Өткен желтоқсан айында Атырау облысынан мұз бетінен 108 тонна балық жиналды. Өкінішке қарай, оның 100 тоннадан астамы - бағалы бекіре тұқымдастар. Бүгінгі күні өзеннің су деңгейі 2 метрге түсіп отыр.

 

 

 

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.