Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ХАЙУАНАТТАР БАҒЫ ПУМАНЫҢ 3 МАРҒАУЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

c 16:57, 29/07/2022 c 1716

Облыстық экологиялық-биологиялық орталықтың балалар зообағында жануарлар қатары толықты. Осыдан 2 ай уақыт бұрын Симба есімді пуманың 3 марғауы дүниеге келген. Ересек пуманың бұл алғашқы төлі екен.

Хайуанаттар бағында 90 түрлі жануардың 250-ден астам басы тіршілік етеді. Атап айтқанда қоңыр аю, қасқыр, жанат, пони және т.б тіршілік иелері бұл жерде өздерін жайлы сезінеді. Осыдан шамамен 2 ай уақыт бұрын олардың қатары тағы да толықты. Зообаққа 2012 жылы әкелінген Ютас және 2019 жылы келген Симба есімді пумалардың 3 марғауы дүниеге келді. Бұл кішкентай пумаларды тек 2 ай уақыт өткеннен кейін ғана анасынан бөліп алған. Себебі оларды арнайы тексерістен өткізіп, екпе салу қажет болыпты. Сондай-ақ олардың жеке үйшікте тіршілік етуі адамдардың назарына үйренулеріне көмектеседі. Марғаулар облыстық эколого-биологиялық орталығының балалар зообағында 17 маусымда дүниеге келген. Осы уақыт ішінде олардың жыныстарын анықтап, медициналық сараптамалардан өткізген. Енді әлеуметтік желілер арқылы көпшіліктің көмегімен оларға есімдер таңдалуда. Иа, бұл марғауларға енді есім қою керек. Ол жұмысты зообақ басшылығы қала тұрғындарына қалдырды. Яғни, сіздер өз ұсыныстарыңызды әлеуметтік желілерде қалдырсаңыз болады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.